Кенорындар туралы

Таза судың пайда болуы

   Бөтелкеленген сулар мен сусындар өндірісінде қолданылатын су, қаладан және өнеркәсіп орындарынан тым алыс жерлерде орналасқан, экологиялық таза аумақтарда жерасты су кенорындарында өндіріледі.

«Kulager-arasan см» кенорны

   «Kulager-arasanсм» минералды емдік-ас суының кенорны Көкшетау қаласынан 6 шақырым жерде, «Бұрабай» МҰТП аласа тау жиегінің етегінде орналасқан. Жерасты сулары Протерозой дәуірінің ежелгі метаморфтық жынысының қалыңдығы отызметрлік саз астынан №5492-Э құдығы арқылы ашылған. 
   «Kulager-arasanсм» суының терапевтік әсері ион-тұзды құрамына байланысты. Судың негізгі артықшылығы - йод, селен, мыс, мырыш, кобальт, марганец, фтор және бром сияқты биологиялық белсенді миркоэлементтер жиынтығының болуы. Бұл элементтер толық жиынтықта табиғи ауыз суларында өте сирек кездеседі. 
   «Минералды ауыз емдік және емдік-ас сулары» мемлекетаралық стандартына сәйкес «Kulager-arasan» суын шөл қандыратын ауыз суы ретінде, сондай-ақ ас қорыту мүшелері, зәршығару-жыныс жүйесі, зат алмасу, жүрек-қан тамыры жүйесі, жүйке жүйесі, эндемиялық зоб; созылмалы қажу синдромы; әсіресе ауыр металлдармен созылмалы улану ауруларының алдын алу және емдеу үшін қолдануға болады. 

«Кенеткөл» кенорны

   «Тuranсм» табиғи артезиан ауыз суы Көкшетау қаласынан 50 шақырым жерде «Көкшетау» МҰТП аумағындағы «Кенеткөл» жерасты сулары кенорнында өндіріледі. Жерасты сулары 45 метр тереңдіктегі ежелгі гранит астынан №1943 құдығы арқылы ашылған. 
   «Тuranсм» табиғи артезиан ауыз суының химиялық құрамы ауыз су сапасы бойынша Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымымен қойылған талаптарға толығымен жауап береді. 
   «Тuranсм» биогенді суы адамның иммунитетін, белсенділігін, көңіл-күйін көтереді, денсаулығы едәуір жақсарып, ауруларға шалдыға бермейді.

   Жақында «Көкшетауминводы» АҚ гидрогеологтары тұщы судың жаңа бұлақ көзін тапты. «Кенеткөл» кенорнының су сапасына сәйкес, 80 метр тереңдікте, протерозой дәуірінің ежелгі жынысында тұщы жерасты сулары табылып, гидрогеология құдығы арқылы алынған.
     Алғаш зерттеулер У.М.Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты (Алматы) зертханасында жүргізілді. Зерттеу нәтижелері судың сусындар өндірісінде және бөтелкеленген ауыз су өндірісінде де қолдана алатынын дәлелдеді.