Спирт өндірісіндегі инновациялар
2009 жылы «Көкшетауминводы» АҚ қолдауымен «Биокорм» ЖШС спирт зауытының реконструкциясы жасалды. Екі компанияның бастықтары өндірісте синтетикалық ферменттерді қолданудан бас тартып, көп жылдар бойы арақ-шарап мамандарының еңбек сіңірген технологиясы негізінде уыт спиртін өндіру туралы шешім қабылдаған.
Ақмола облысының жаңартылған спирт зауыты - бұл технологиялық үрдістерін басқарудың толық автоматтандырылған жаңа дәуірі, жабдық жұмысының сенімдігін жоғарылатады, осыған сәйкес ақырғы өнімнің сапасы жоғарылайды. өндірісі және зиянды қоспалардан тазартылуы дәстүрлі тәсілмен үш немесе төрт емес, жеті спирт бағанасы арқылы жасалады.
Спирт сапасын бақылауында да қатты өзгерістер болды. Техникалық бақылау зертханасы қазіргі заманғы ең аз дегендегі қоспаларға сезімтал газ хроматографымен жабдықталған.
«Биокорм» ЖШС спирт сапасы Бүкілресейлік тағам биотехнологиялар ғылыми-зерттеу институтымен жоғары бағаланды, сондай-ақ 2010 жылы «Лучшая водка года/Best vodka of the year» халықаралық конкурста алтын медалімен марапатталды.
Cу өндірісіндегі инновациялар
Әр судың өз есі бар. Антропогендік әсерін есте сақтап, су ұзақ уақытқа өз құрылымын өзгертіп, адам ағзасына ақпарат жібереді, нәтижесінде бұл көптеген ауруларды туғызады.
«Тuran» биогенді табиғи ауыз суының бірегейлігі - гелий-неон көзімен монохроматикалық қызыл полярланған жарықпен өңдеу арқылы суға алғашқы табиғи құрылымы қайтып қалыптасуы. Өмір туралы есінде сақталған қызыл жарық судың негативті әсерін төмендетіп, су есін қайта құрамдайды, адам ағзасының дұрыс тіршілік әрекетіне қажетті физиологиялық пайдалы қасиеттерді қосады.

